Басты жаңалықтар
Мына бейнелердің бірін таңдап, өзіңіздің осал тұсыңыз бен артықшылығыңызды біліңіз
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2023
- 346
Бұл тесттен өткендердің 96 %-і қорытынды дәл келгенін айтқан
Өзіңіздің осал және мықты тұстарыңызды дұрыс бағалай білу аса пайдалы. Себебі бізді өмірде алға жетелейтін, жетістіктерге жол салатын – ол, сөзсіз, бойымыздағы мықты қасиеттер. Сондықтан сізге төмендегі қызықты тестті ұсынып отырмыз.
Алдыңызда 8 типті адамның кескіндері берілген. Олар үшбұрыш, дөңгелек және квадраттан құрастырылған. Өзіңізді олардың қайсысымен байланыстырасыз? Соны таңдап, өзіңіз жайлы жауапты оқи отырыңыз.
Нәтижесі:
1 тип – «басшы»
1-ші типтегі адамдардың әдетте жетекшілік пен ұйымдастырушылыққа бейімділігі бар. Әлеуметтік маңыздылығы бар іс-әрекет нормаларына сүйенеді. Шешендік қабілетке ие. Әлеуметтік ортада оңай бейімделеді. Өзгелерге жүргізетін үстемдігін шектен шығармайды. Мұндай қасиеттер психикалық даму дәрежесіне тікелей байланысты екенін есте ұстаған жөн. Жоғарғы дәрежелі даму: жеке қасиеттері жақсы жетілген, орнымен қолдана біледі. Төменгі дәреже: жоғарыда айтылған қасиеттері іс жүзінде көрінбеуі мүмкін.
2 тип – «жауапкершілігі мол орындаушы»
«Басшы» типінің көп қасиеттері бойында кездеседі. Алайда, маңызды шешімдер қабылдар сәтте сенімсіздік танытады. Бұл типті адамдар «нағыз істің адамы», өз кәсібінің шебері, жауапкершілігі жоғары, өзгелерге және өзіне талап қойғыш келеді және ерекше шыншыл. Көбіне жүйке жүйесімен байланысты соматикалық аурулардан зардап шегеді.
3 тип – «беймаза және секемшіл»
Дарыны мен қабілеттерінің жан-жақтылығымен сипатталады. Бір ғана мамандық иесі болу оларға қанағат әкелмейді. Аяқ астынан күтпеген мамандыққа өтуі мүмкін. Оған қоса, қосалқы мамандық ретіне сүйікті хоббиі де болуы ғажап емес. Ластыққа шыдап тұра алмайды. Соның себебінен өзгелермен сөзге келуі мүмкін. Өте сезімтал және өзіне сенімділігі аздау келеді. Сондықтан аздап қолдауды қажет етеді.
4 тип – «оқымысты»
Бұл типтегі жандар шынайы өмірден алыстауға жақын. Барлық нәрсеге өз тұжырымдарын жасауға бейім. Ішкі үйлесімдікті ұстап тұра алады және әрбір қадамын ұтымды жолмен ойластырады. Атаулы типтің өкілдері синтетикалық өнер адамдарының арасынан кездеседі: кино, цирк, театр, мультипликация және т.б.
5 тип – «интуитивті»
5-ші типтес адамдар жүйке жүйесінің асқан сезімталдығымен ерекшеленеді. Бір істен екінші іске оңай бет бұрып кірісе алады. «Жаңалыққа» асқан сезімталдықпен қарайды. Өзгелерге жиі қамқорлық жасайтын альтруистер. Қолөнер заттарға икемді, түрлі бейнелермен қиялдайды. Ал бұл қасиеттер өз кезегінде шығармашылықтың техникалық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді. Әдетте өзінің жанынан ойлап шығарған жеке қағидалары бар, өзін-өзі жақсы ұстайды.
6 тип – «өнертапқыш, конструктор, суретші»
Техникалық қабілеттері жақсы дамыған жандардың арасында кездеседі. Ұшқыр қиялды бұл тип өкілдері әдетте техникалық, көркемөнер және интеллектуалдық шығармашылықпен айналысады. Көбіне тұйық келеді, интуитивті типке ұқсас жеке қағидаларына сай өмір сүреді. Әсершіл, өзінің тың әрі қайталанбас идеяларына толықтай беріледі.
7 тип – «эмоционалды»
өзгелерге жаны ашығыш, ауыр мазмұнды кинолар үшін қатты қайғырады, қатыгез оқиғаларға куә болса, біразға дейін өзіне келе алмай жүреді. Өзгелердің қиындығын бөлісіп, жеңілдетем деп жүріп, өзін ұмытып кетеді.
8 тип – «өзгелердің сезімдеріне немқұрайлы»
Эмоциналды типке қарама-қарсы. Өзгелердің ішкі сезімдерін елемейді, тіпті, оларға қысым көрсетуге бар. Өзі қажет деп білгенін өзгелерге өткізе алады. Жағдайға қарай, кейде тым қатыгез.