Басты жаңалықтар
Қайрат Нұрқаділов қарындасы мен Мақпал Жүнісованың арасындағы дауға байланысты өз ойын айтты
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2023
- 250
Құралай Нұрқаділова мен Мақпал Жүнісова арасындағы дау ушығуда
Бірнеше күн бойы желіде Құралай Нұрқаділова мен Мақпал Жүнісова арасындағы дау қызу талқылануда. Бұл түсініспеушілік Қайрат Нұрқаділовтіде айналып өтпегені анық. Ол да бұл жағдайға байланысты өз пікірін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мақпал Жүнісова желіде өзіне сұрақ қойған оқырманына, марқұм Нұрқаділовтің бірінші әйеліне қатысты ұятты шындықты жайып салған еді.
«Зәкең кезінде әйелін басқа еркекпен ұстап алған. Көзінің тірісінде басқа байда болды ғой. Олда қашып құтылды. Қызы да бес байға шыққан»,-дейді мақпал Жүнісова.
Мұндай жауапты күтпеген Құралай Нұрқаділова желіде әншіге зілді жауап қатты.
«Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың. Бірақ үндемей қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл үндемей келді. Жазғаны дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр. Менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін. Бекер істеді», — дейді өзінің видео жауабында Құралай Нұрқаділова.
Ал Жүнісованың өзі аталған видеоға қатысты мынадай жазба қалдырған.
«Мені қорқытпаңдар, сенің маған пышақ салғаныңды білетіндер тірі, сол кезде марқұм әкең құтқарып қалған сені, енді әкеңнің аруағын сыйла. Менің өміріме, қызыма қауіп төнген сияқты. Алла сақтасын, достарым дұғада болыңыздар», - деп жазды әнші.
Қарындасы мен әкесінің заңды жұбайының арасындағы даудың ушығып бара жатқанын байқаған, Қайрат Нұрқаділовте былай дейді:
"Мен әйелдердің әңгімесіне кіріспеймін. Мақпал жайында да ештеңе айтпаймын. Өздері білсін», – деді.
Кейіннен Құралай Нұрқаділова «эмоцияға берілдім» деп, Мақпал Жүнісоваға қатысты видеоны желіден алып тастағаны белгілі болды.