Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халық арасында "Тик-ток имам" атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы жаңа қызметке тағайындалды

Халық арасында "Тик-ток имам" атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөз
Нұрлан имам Астанадағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болып тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», деп жазды имам. Сондай-ақ ол енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесетінін жазды. Естеріңізге сала кетейік  Нұрлан Байжігітұлы соңғы берген сұхбаттарының бірінде  11 мамырда премьерасы болатын «Күйеуіме тоқал іздеймін» атты кинаға түскенін жария еткен еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар