Басты жаңалықтар
Алмат Сақатов "Бауыржан шоу" театры тарағанда өзінің ішкілікке салынғандығын айтты
- автор kyn.kz
- 14 мамыр, 2023
- 716
Алмат Сақатов:"Тамада болып ақша таптым. Тойға барғанда бірінші көзім араққа түсетін."
Танымал актер, ысқақшы Алмат Сақатов "Бауыржан шоу" театры тарағанда өзінің ішкілікке салынғандығын, El.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Бауыржан шоу» тарағаннан кейін менде рухани дағдарыс басталды. Бір кездері дүркіреп, бүкіл республиканы аузына қаратыр жүрген театр тарады да кетті. Басқа барар жер де жоқ. Шаншардың өз жігіттер бар, Тамашаның ол кездегі деңгейі төмен еді. Тамада болып ақша таптым. Аптасын үш төрт мың долларға үш төрт тойға шығып жүрдім. Содан ішу басталды. Апталап үйге қонбай кеттім. Тойға барғанда бірінші көзім араққа түсетін. Бір тойда екі бөтелке ішіп кетем" , - деді актер.
Сақатов күйзелістен, киноға шақырту алу алып, сүйікті ісімен айналысу арқылы шыққанын айтады.
"Бір күні режиссер Жайна Әбдиева хабарласып, «Қара шаңырақ» атты сериал түсіріп жатқанын, сол жерден маған бір рөл беретінін айтты. Барсам менің табиғатыма келеді екен. Сол кезден бері кино саласында келе жатырмын. Дағдарыстан да шықтым, - дейді актер.
Сұхбат барысында Алмат Сақатов Арыстан Мұхамедиұлының еңбек сіңірген әртісі атағы үшін өзінен 5000 доллар қаражат сұрағанын айтып, бар шындықты жайып салған еді.