Басты жаңалықтар
Өзбекстандағы қазақтар Руслан Абдуллаевты салтанатпен қарсы алды (видео)
- автор kyn.kz
- 16 мамыр, 2023
- 1.1k
Спортшы өзін қолдаған Қазақстан халқына алғыс айтты
Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатында Руслан Абдуллаев 63,5 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Өзбекстан ұлттық құрамасына алтын сыйлаған боксшыны ауылы құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Руслан Абдуллаев финалдағы жекпе-жекте моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухты жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қандасымызды жергілікті қазақтар ерекше ықыласпен қарсы алды. Боксшыны күтіп алған думанды тойда оның жаттықтырушысы мен демеуші болған азаматқа да құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ әлем чемпионына жергілікті бизнесмен Chevrolet Malibu көлігін сыйға тартқан.
Әлем чемпионы өзін қолдаған барша Өзбекстан халқына алғыс білдірді. Әрі келесі мақсаты бұданда биік белестерді бағындыру екенін айтты.
https://youtu.be/mSndme2Is8s
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




