Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әсел Асқар: Өзінің махаббатын іспен дәлелдейтін жігітті қалаймын

Әсел Асқар: Өзінің махаббатын іспен дәлелдейтін жігітті қалаймын
ашық дереккөз
Әсел Асқар:Қарызға батыратындардан шаршадым
Танымал блогер Әсел Асқар қайта тұрмысқа шығуға қатысты өз ойын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Әрине. Десе де, мынадай немесе анандай жігітке тұрмысқа шығамын деп айта алмаймын. Себебі, екінші рет күйеуге шығарда солай деген едім. Бірақ мен қалағандай болмады. "Таңдаған тазға жолығады" деген бар. Әйткенмен, өзінің махаббатын іспен дәлелдейтін жігітті қалаймын. Себебі, қарызға батыратындардан шаршадым. Маған жақындайтын ер азаматтың рухы күшті болу керек. Әдемі сөзге ере кететін жастан өттім. Өзім сияқты қайырымдылықты жаны қалайтын, қажет кезде алақанда аялап, еркелететін ер мінезді күшті адам керек. Себебі, өзімнің ішкі менім мықты екенін білемін", - деді Әсел Асқар. Сонымен қатар актриса егер болашақ жұбайы қамтамасыз ете алса, үйде отыруға да дайын екенін ашып айтты. "Егер мені асырай алса, баланы тауып, қазан-ошақтың басында отырудан тартынбаймын. Түсіне білгенге ол да бақыт қой", - деді актриса.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар