Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері

Тоқаев 70 жасқа толды. Президенттің сирек жарияланған суреттері
ашық дереккөз
Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Tengrinews.kz архив суреттерді жинап, Мемлекет басшысының өмірбаяны туралы шолу жасап өтті. Тоқаев туған күнін тойламайтындықтан, елде мерекелік іс-шаралар жоспарланбайды. Ол бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен барады және Сиань қаласында өтетін "Қытай-Орталық Азия" саммитіне қатысады. "Бұл - Президенттің ұстанымы. Мемлекет басшысы 17 мамырды әдеттегідей өткізеді. Қазақстанда немесе Қытайға сапары аясында туған күнді тойлау шаралары болмайды", - деді оның баспасөз хатшысы Руслан Желдібай. Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда дүниеге келген. Әкесі - Кемел Тоқаев (1923-1986), Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив-шытырман оқиғалы жанрдың негізін салушы. Анасы - Тұрар Шабарбаева (1931-2000) - Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген.  width= 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітіріп, Қытайдағы КСРО елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтті.  width= 1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қызметке кірді. Сингапурдағы кеңес елшілігіне жұмысқа жіберілді. 1979 жылы КСРО СІМ аппаратына қайта оралды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, кейін Қытай Халық Республикасындағы елшілік қызметке жіберіліп, 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы, кеңесші қызметтерін атқарды.  width= 1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.  width=
1992 жылы Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тағайындалды.  /> 1999 жылы наурызда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. 1999 жылы қазанда парламенттің келісімімен президент жарлығымен премьер-министр болып тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында мемлекеттік хатшы – сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары сыртқы істер министрі болды. Осы лауазымда ол ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдеріске белсенді атсалысты. <img src=
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар