Басты жаңалықтар
Ақын қыз Айшолпан: Тұрсынбек аға, Мөлдір әпке, маған бермей қойған айлықпен байып кетіңіздер
- автор kyn.kz
- 17 мамыр, 2023
- 652
Ақын танымал жұптан алдағы уақытта тек өзін шалып, жолын бөгемеулерін сұрады
Ақын қыз Айшолпан бұрыңғы прадюсері Мөлдір Мұқановамен кикілжің неден шыққанын өз нұсқасында айтып берді. Жас ақын Айшолпан расымен де Мөлдір Мұқанованың телефон қоңырауларын көтермей қойыпты. Оған не себеп болғанын да түсіндіріп берді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Мені бұрыңғы продюсерім журналистермен бірге дене бітімімді мысқылдап,күлгендері намысымды оятып, жүрегіме тиді. Мен қарапайым күзетші мен мұғалімнің қызымын. Олар сияқты ата-анамның асып- тасыған байлығы жоқ. Бірақ мен адамды бай екен деп қорықпаймын. Менімен келісім шарт болды. Онда маған ай сайын айлық берілуі керек еді. Киноға түсуім керек еді.
Әзіл әлемінің сахнасына шығып, киімдерімді продюсерім реттеуі керек болатын. Мұның бірі де жасалмады. Жаз бойы бай-бағландардың тойына салып қойды. Министр, депутаттардың тойында жүрдім. Танымал азамат өнерімді бағалап, жақсы домбыра сыйлап еді, оны Мөлдір ханым алып қойды, үйіне іліп тастады. Маған "Бұл домбыраны менің арқамда алдың" деп айтты. Мөлдір ханым, Тұрсынбек аға, маған төлемеген айлықпен байып кетіңіздер. тек алдағы уақытта менің аяғымнан шалып, жолымды бөгемеулеріңізді сұраймын",- деді ақын қыз Айшолпан.
Толық видео ТЕЛЕГРАМ арнамызда.