Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бұлшық етін өсіру үшін дәрі ішкен жігіт жиырма күннің ішінде жынданып кетті

Бұлшық етін өсіру үшін дәрі ішкен жігіт жиырма күннің ішінде жынданып кетті
ашық дереккөз
Әкесі ұлының бойындағы өзгерісті "Канеломен шығамын, телевизорда бокстасып жатқан мен" деген сөздерінен байқаған
Салмақ қосқысы келіп, белгісіз дәрі ішіп психикалық ауытқуға ұшыраған Мейрамбектің ата-анасы баласының денсаулығына алаңдап "Көреміз" бағдарламасынан көмек сұраған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Анасының айтуынша полиция академиясына түскісі келген ұлының оқуға тапсырар кезде, бұлшық еттерін өсіру үшін 20 күндей қытай дәрісін алып ішкен. Содан бастап Мейрамбек түнде мүлдем ұйықтамайтын болған. Тіпті анасы баласын танымай қалған.  Баласының қызық әрекеттерінен кейін анасы молдаға апарып дем салдырған. Бірақ дін өкілдері  Мейрамбекке жын кірмегенін,  көз тигенін немесе психикалық ауруға шылдыққанын айтқан. Содан кейін Мейрамбек психикалық науқастарға арналған орталықта ем алған. Ал Мейрамбектің әкесі баласындағы өзгерісті ол "Канеломен шығамын, телевизорда бокстасып жатқан мен", деген әңгімелерінен байқағанын айтады. "Дәріні бір айдай іштім. Салмақ қостым, артық күш пайда болды. Ауырып қалдым, бірақ нақты есімде жоқ. Бірақ кері әсерлерін байқамадым", - дейді Мейрамбек.  Студияға келген Мейрамбек "осы жердегі ең күштісі кім?" деген психиатор сауалына "мен ғой"  деп жауап берді. Оны кім айтқанын білмек болған маманың сұрағына "бокстасып көреміз ба, көке" деді Мейрамбек. Мейрамбекті Республикалық психикалық денсаулық ғылыми практикалық орталықтың психиатор мамандары тексеріп, баланың хәлі мүшкіл екенін, жедел ем-дом шараларын жүргізу керектігін айтқан.   Дәріге қатысты мамандар мемлекеттік тіркеуден өтпегенін, елімізге контрабандамен келгенін айтып өтті. Заңгер алда бұл өнімнің контрабанда екенін дәлелдеп, сатқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатынын ескерді.    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар