Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін, велоарбамен жолға шықты

Қызылордалық ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін, велоарбамен жолға шықты
ашық дереккөз
Ағайындылар жолаушылардың көмегінен бас тартқан
Әлеуметтік желіде қызылордалық ағайындылардың велоарбамен  ата-анасын Меккеге апара жатқан видеосы тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ағайындылар ата-анасын Меккеге апару үшін , ұзақ жолға велоарбаны қолдан жасаған. Қызылорда мен Медина қаласының ара-қашықтығы 5 мың шақырым.  Бағыттары Батыс Ақтөбе,Маңғыстау,Атырау,Ақтау,Баку,Иран, Кувейт арқылы қасиетті мекен Меккеге жету. Қазірдің өзінде Қызылорда маңында күн өте ыстық.  Жолашылардың алдынан аптап ыстық пен қатар аңызақ жел, салқын түн, шөл күтіп тұр. Алайда ағайындылар бұндай қиындықтарға бойұсынбайды . Тіпті жолында кездескен жолаушылар ас су ұсынса да, бас тарқан көрінеді. "Ақыры Ақтауға дейін барамын, жол қысқарсын жеткізейін деп еді, жоқ, өзім осылай еңбекпен апарамын”, депті жолаушы. https://youtube.com/shorts/8iROwkD7iNI?feature=share Желі қолданушылары "Өзі шаршамас, жас қой. Бірақ анасын ойласа болар еді. Қақитып отырғызып қойыпты. Анаға обал ғой, жасы келген кісі. Алла жар болсын!","Міне осы кісінің барлық амалы қабыл болады! Бұрынғылар көтеріп апарған, осы кісі сияқты. Ал қазіргілер ақшаның буымен барады мәз болып, қажымын деп шығады. Ниетіңіз қабыл болсын!", "Ойбууу осындайларды түсінбеймін мен. Адал жұмыс істеп еңбекпен тапқан ақшаға да апарса болады ғой. Не енді мынау анасын шаршатып жас болса болар еді... Шаш ал десе бас алатын заман-ай",- деп ойларын ортаға салуда. Естеріңізге сала кетейік 2014-ші жылы Дулат Иман  Ақмола өңірінен Сауд Арабияға дейін жүріп, 4 айда жеткен болатын. 2020 жылы Алматы облысының Жұматай есімді тұрғыны да қажылыққа жаяу жол тартқан  еді.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар