Басты жаңалықтар
Танымал блогер Елдос Колобок әкемді атып өлтірген адамнан өш алғым келді
- автор kyn.kz
- 18 мамыр, 2023
- 898
Елдос Қадірханов:" Әкемді атып жіберген кезде, жанында отырған досы қорқып тежегішті баса бергенде артында отырған досы мойнынан бауыздап жіберген"
Танымал блогер, халық арасында Елдос Колобок есімімен танылып кеткен Елдос Қадірханов әкесінің кісі қолынан қаза тапқандығын TALK LIKE youtube бағдарламасында, айтты деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Әкем бар кезде өміріміз басқа. Әкем бар кезде қиын өмір сүрген жоқпыз. Әкем қайтыс болғаннан кейін бұл өмір бірден жоқ болып кетті. Елдер үйінде нанға тосап жағып жеп отырса, біз нан бар, "Аллаға шүкір", деп отыратын кездер болған. Сол кезде тез өсіп кетіп, жұмыс істеп ақша тапқым келді. Әкем 2001 жылы етпен сауда-саттықпен айналысатын. Ет корпусында өте көп мөлшерде ет бар деп достары шақырады. Шымкенттегі Леңгір деген жерге. Әкем досы екеуі Леңгірге кетеді, жол жөнекей бағанағы достары отырады. Леңгірге қарай шыққан кезде әкемді артынан атады. Қасындағы досы шошып тежегішті басқан кезде ол кісіні бауыздап жібереді. Онымен қоймай көлікті өртеп қырдан лақтырып жіберген. Сонымен екі отбасы асыраушысынан айырылып ойран болды. Орнын толмас қаза. Біз жақтан екі бала қалса, әкемнің досы жағынан үш баласы әкесіз қалды. Анам үйде балаларға қарап отырған. Асыраушымыздан айрылғаннан кейін анам қиналып қалды. Ол кезде анам 34 жаста, ал әкем 36 жаста еді .Ал мен 9 жасымда әкемнен айырылып қалдым.
Қазір мына жағдайды айтсам інім ренжитін шығар, әкем негізі менімен көп қыдыратын. Төрт деген бағаны алып келсем, белдікпен құйрығымыздан ұратын. Біз тек үздік оқуымыз керек болатын. Енді қыдыратын адам жоқ, не ақыл айтатын адам жоқ. Негізі бәріміз шок болып қалып кеттік. Ол кезде кішкентаймыз, әкемді сұрай береміз, әкемді сұраған сайын анам жылай беретін. 11 жастан бастап түсіндік әкемнің келмейтінін, өлтіріп кеткенін.
Әкемнің атып тастағанын ойлаған кезде інім екеуміз айтатынбыз, өсіп алайықшы біз бандит боламыз, аналардың түрмеде отырғанын білеміз ғой, біреуі 27 жылға, біреуі 28 жылға сотталып кетті. "Өсеміз түрмеге түсіп соларды өлтіреміз", деп інім екеуміздің қатты кек алғымыз келетін. Осы кісілер өлтірмегенде анам былай жүрмейтін еді ғой, деген реніш болатын. Болмайтын 500 мың теңгеге болған жағдай ғой. Қазір есейгеннен кейін бәрін бір Аллаға тапсырдық. Қанша жерден ренжісемде қазір әкем есікті тоқылдатып келе алмайды", деп ойын ақтады Елдос. Сонымен қатар сұхбат барысында әкесі дүниеден өткеннен кейін блогер, ерте жұмыс істеп, анасына көмектесіп, өзін-өзі қаржылай қамтамасыз еткенін айтты.