Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
ашық дереккөз
Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін. Мұндай ұсынысты БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен айтты деп хабарлайды  "КҮН.КЗ" сайты Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн. «Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр. Оның арасында Қазақстанның көршілері де бар. Сондықтан отбасында да, отбасынан тыс жерде де дене жарақатына тыйым салу маңызды болып отыр. Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуға жол бермеуіміз керек. Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз», – деді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен. Ал полицейлер «балаларды түнгі уақытта көшеге жалғыз жібермеу керек» деп отыр. Тәртіп сақшыларының дерегінше, Қазақстанда жыл сайын көшеде беймезгіл жүрген 100 мыңнан астам жеткіншек полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Ал осы жылдың басынан бері үйлерінен тыс жерде жүрген 22 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ұсталыпты. «Заңнамада түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағанды кіргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Биыл осындай 680 кәсіпкер жауапқа тартылды. Біз мұндай адамдарды Ішкі істер органдарының есебіне қоямыз, олармен профилактикалық жұмыс жүргіземіз», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар