Басты жаңалықтар
Жігіттер квартетінің мүшесі Айдар Тұрғанбек қыз ұзатуына байланысты өз ойын айтты
- автор kyn.kz
- 19 мамыр, 2023
- 455
Айдар Тұрғанбек:"Бізде оңтүстікте ұзатуға әнді ер адамдар айтатын"
"Жігіттер" квартетінің мүшесі танымал әнші Айдар Тұрғанбек желіде қызу талқыланған қыздарды ұзатуына байланысты "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өз ойын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Бізде оңтүстікте баяғыда ұзатуға әнді ер адамдар айтатын болған. Ұзатуға қыздар айтатын ән жоқ. Бізде қыздар ұзатпайтын еді. Кейін шықты ғой, 2009 жылдары. Оған дейін "Жылама, қызым", "Өзіңдей қарындасты қайдан табам", "Қарындасым, қарлығашым, барған жерде бағыңды ашсын" деген секілді өңшең әкесінің қызына, ағасының қарындасына айтатын әні бар еді. Біз соны көрдік те, айттық тойларда. Қыздар кейін шықты. "Қарындасқа тілек" деген әнімді айтып тұрам. Сол әнімді айтып тұрғанда жеңгелері алып кетеді. Бізде оңтүстікте ұзатылған қарындасын ағасы шығарып салу әлі бар", - деді Айдар Тұрғанбек.
Сұхбат барысында жігіттер тобы ең алғаш киімдерін 5 000 тг алғандарын айтып, басқа да бастарынан өткен қызықтарымен бөлісті.
Келесі мақала