Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Динара Сәтжан Қазақстанда танымал қыздардың ақша үшін орануды насихаттап жүргенін айтты

Динара Сәтжан Қазақстанда танымал қыздардың ақша үшін орануды насихаттап жүргенін айтты
ашық дереккөз
Жаппай Меккеге барып, блогер-қажы атанғандардың бәрінің кемі 500 мың оқырманы бар
Соңғы уақытта елімізде желіде миллиондаған оқырманы бар атақты адамдар жаппай хиджаб киіп, дінге адалдықтарын көрсете бастады. Жасы да кәрісі де жаппай Меккеге барып,  қажы атанып кетті, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Мысалы, тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтты. "Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз бар. Біз өз тарихымызды келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Ал егер бірнеше онжылдықта немесе тіпті бірнеше жылдан кейін біздің қазақтар қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз мұны қалаймыз ба? Менің бұл сұрақты көтеру себебім –  блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естідім, айтуларынша, аз сома емес. Мені осы нәрсе шошытады", - деді Динара Сәтжан. Шынында да, аудиториясы үлкен блогерлер аяқ астынан хиджаб кие бастады. Мысалы, күні кеше оранып жүру туралы шешім қабылдағанын жарияға жар салған Рамина Таипованың 1 миллионнан астам жазылушысы бар.   Осылардың қатарында Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаева, Алтынай Жолдыбаева, "Қалаулымдық" Камила, Мөлдір Әуелбекова, " Аяука пош" есімімен танылған бюти блогер. Бұл тізім өте ұзақ. Көпшілікке қызығы бұл үрдісті қаржыландырып отырған кім және мақсаты не?
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар