Америкалық актриса Кан фестиваліне Dior-дың қазақ қызына арнап тіккен көйлегінің көшірмесін киіп шықты
- автор kyn.kz
- 22 мамыр, 2023
- 420
Бұл көйлектің түп нұсқасы Алланың үстіндегі Нью-Иорктегі әйгілі Метрополитен музейінде сақтаулы тұр.
Қытайдың Харбин қаласында туып-өскен Алла Елшін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін анасымен бірге Францияға көшіп кеткен. Әкесі Қуанхан Елшін отбасын Еуропаға аттандыруға көмектесіп, өзі елден шыға алмай қалған. Алланың әкесінің әріқарайғы тағдыры белгісіз. Қуғын-сүргінге ұшырап кеткен деген деректер бар. Алла еліміз Тәуелсіздік алғанға аз ғана уақыт қалғанда, 1989 жылы 62 жасында дүниеден озған.
Франция астанасы Парижді бағындырған қазақ қызын қалың елге танымал еткен кітапта жарық көрген. Оның авторы жазушы, дипломат Берлин Иришев. Зерттеу жұмысының нәтижесінде тың деректерге толы «Алла - Шығыстан шыққан Dior-дың маржаны» атты туындысын ұсынды.
Алла Ильчунның Еуропада ешкімге ұқсамайтын модель ғана емес, тұлға екендігін Кристиан Диордың өзі де мойындап өткен. Алла иығына ілген сән үлгісін ертесіне-ақ Элизабет Тэйлор, Марлен Дитрих сынды әлемдік кинематорграфияның саңлақтары, тіпті Еуропа ханшайымдары киіп шыққан.