Астаналықтар «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болғанын хабарлады.
Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған. Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді. Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.
«Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты», - деп хабарлады ТЖД. Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




