Басты жаңалықтар
Әлихан Смайылов Дохада Power International Holding төрағасымен кездесті
- автор kyn.kz
- 24 мамыр, 2023
- 686
Доха қаласында өтіп жатқан Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Power International Holding төрағасы Мутаз әл Хайятпен кездесті, деп жазды KYN.KZ тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараптар медицина, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Power International Holding – Таяу Шығыстағы ірі конгломераттардың бірі. Оның қатысуымен футболдан Әлем чемпионаты қарсаңында Қатарда үлкен объектілер салынды. Холдингтің негізгі бағыттары құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау сынды салаларды қамтиды.
«Бұлардың барлығы Қазақстан экономикасы үшін басым секторлар болып табылады. Біздің өзара тиімді серіктестікті дамытуға зор әлеует бар», — деді Премьер-Министр.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Power International Holding-і Қатар мен Қазақстан арасында әріптестік байланысты орнату және дамытуда өзіндік көшбасшыға айналғанын атап өтті. 

Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026