Басты жаңалықтар
Көптен жұрт көзіне көрінбеген Сауат Мыңбаевтың мүгедектер арбасындағы суреті тарады
- автор kyn.kz
- 25 мамыр, 2023
- 232
Әлеуметтік желілерде бұрынғы мұнай және газ министрі, сондай-ақ "ҚТЖ" бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың фотосуреті тарады, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сауат Мыңбаевтың мүгедектер арбасындағы суреті мамыр айының басында Түркияның Измир қаласында өткен оның қызы мен үнді кәсіпкерінің ұлының үйлену тойында түсірілген.
Айта кету керек, 2021 жылдың қаңтарында Мыңбаев қоғам назарынан жоғалып кетті. Сол кезде ол басқарған "ҚТЖ" баспасөз қызметі спортпен шұғылдану кезінде Мыңбаевтың жарақат алып, емделіп жатқанын айтты.
Сауат Мыңбаевтың саясат алаңынан және ақпараттық радарлардан ғайып болу себебін оның қоластындағылар ашып айтпағандықтан, журналистер оны өз бетінше іздей бастады. Бірақ таба алған жоқ.
Кейінірек 58 жастағы Мыңбаевтың белгісіз жағдайларда омыртқасынан ауыр жарақат алып, "Шарите" неміс клиникасына жеткізілгені туралы ақпарат тарады.
Ulysmedia.kz тілшісі клиникаға қоңырау шалды. Неміс дәрігерлері қазақстандық пациенттерінің ем қабылдап жатқаны жайлы ақпаратты жоққа шығармады және растаған да жоқ. Берлиндегі әріптестердің Мыңбаев туралы бірдеңе білуге тырысуы да нәтиже бермеді. "Шарите" клиникасындағылар өз пациенттеріне әрт үрлі елдердің ақпарат құралдары қызығушылық танытатына үйреніп қалған сияқты, ондағы қауіпсіздік жүйесі өте жақсы жұмыс істейтін болып шықты – ресепшнда тіпті пациенттердің тізімі де жазылып тұрмайды екен.
2018 жылы Сауат Мыңбаев OCCRP тергеушілерінің "Қазақстанның құпия миллиардерлері" атты тізіміне енді. Ол оффшорларда тіркелген миллиардтаған долларлық байлыққа ие деген ақпарат тарады. Көпшілікті оның бұл ақпаратты жоққа шығаруды талап етпегені таңғалдырды.