Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты
ашық дереккөз
Елорда да қарттар үйінде қатқан нан мен көгерген ет беретінін айтқан кейуананы қарттар үйінен қуып шыққан
Қарттар үйінің барлық былығын ашқан 66 жастағы Айжан Ахметова "Халық үні"   бағдарламасына сұхбат берді  деп, жазды KYN.KZ тілшісі. "Қарттар үйіндегі шындықты айтып сұхбат бергенім үшін мені қуды. Астанадағы орнымды алып қойды, он күндей сырттан өз ақшама тамақтанып жүрдім. Мені қыспаққа алатын, үнемі мен кінәлі болып қалатынмын. Шындықты жақтырмайсыңдар ғой дегенімде қайда барсаң сонда барып айт деді. Маған жалған ақпарат бердім деп айт, қазақ халқынан кешірім сұра деді. Мен өтірік айтпаймын, Алладан қорқамын. Сол үшін мені шығарып жіберді, кешкі 6 дейін заттарыңызды алып кетіңіз деді. Менің ешкімім жоқ. Ата-енем, әке-шешем, ағам, жолдасым бәрі зиратта жатыр. Мен пойыздың астына түсемін, өзіме қол жұмсаймын. Менің жағдайым жоқ", - дейді кейуана. https://youtu.be/gMs9kXPUjEs    
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар