Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды
ашық дереккөз
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев ресейлік журналист Игорь Лазорнинге берген сұхбатында отандасы Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Vesti.kz хабарлауынша, ресейлік журналист Асу Алмабаевқа «Шавкат Рахмоновтың кіммен айқасқанын көргің келеді?» деген сауал қойған. «Шаршы алаңға кімді шығарса да, ол сонымен жұдырықтасады. Кез келген қарсыласпен айқаса береді. Шавкат тамыз айында жұдырықтасқысы келеді. Жаттығу жиынын өткізу оңай емес. Дайындық бастағанда менеджерлер де қозғалады, лига да жұмыс істейді, ал қарсылас бәрібір табылады. Әр айқастан кейін жаттығуға дереу кірісу маңызды», деді қазақстандық файтер. Еске салайық, Шавкат Рахмонов соңғы рет 4 наурыз күні Лас-Вегаста жұдырықтасып, үшінші раундта америкалық Джефф Нилді жеңген еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар