Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды
ашық дереккөз
Хиджап киген қыздарды сынға алған танымал тележүргізуші  Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды. Бұл жолы журналист аты шулы блогер Айжан Байзақовадан сұхбат алып, оны әлеуметтік желіде жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Маған Айжан Байзақова ұнайды. Өзінің шынайылығы әрі әділдігімен. Ол бұның ерекшелігі. Кез келген адам өзінің кемшіліктерін түсіне бермейді. Өзінің бұрынғысын елден қысылмай айтып, оны мойындау да ерлік. Ол ештеңеден қорықпайды. Ол өзінің бүкіл өмірі хайп екенін де жасырмайды. Өзінің 30-ға толар-толмас жасында ол түрмеге отырып, тұрмыс құрып, ұл тауып үлгерді. Оның тегі де қазір ауысқан", деп жазды тележүргізуші.  Ал әлеуметтік желідегі оқырмандар болса: «Боқауыз сөзден басқаны білмейтін Байзақавадан несіне сұхбат алдыңыздар? Бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын адам осы ма?», «Бүгінгінің батыры десеңізші одан да», «Басқа адам құрып қалды ма мұқым Қазақстанда сұхбат алатын? Бұл қай сасқаның Динара?» деп ойларын ортаға салды. 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар