Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты
ашық дереккөз
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева жұбайымен ажырасқандығын желідегі парақшасында жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Актриса марқұм ата-енесін еске алып, күйеуінің туыстарымен қоштасқанын жасырмай айтты. «Бала кезімде нағашы атама «аспандағы жұлдызды әперші» дейді екенмін. Марқұм атамның әперіп, маңдайыма таққан жұлдызы, Алланың қалауымен, шүкір, жанды. Оны өшіруге ешкімнің хақысы жоқ. Апам мен келін болып түскенде басыма орамал салып еді. Жақсы жан Апа, жүз жасасыңыз. Алдына барып, сыйымды жасап, мүмкін байқамай ренжіткен жерім болса, ренжімеңіз деп кешірім сұрап, батасын алып, әулетпен қоштасып шықтым. 8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, «ризамын» деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бәрі өз орнымен жүретін. Қазір бәрі басқаша. Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген», — деді. Актриса соңғы кездері денсаулығы сыр беріп жүргені туралы айтқан болатын. «Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы әке. Бірақ бұл өмір, жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім. Алла ғұмыр берсін, әркім бақытты болуға лайықты. Ол да, мен де», — деп жазды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар