Басты жаңалықтар
"Балалар үйіне өткізіледі": Туған анасы үш жасар ұлын өзі жалдаған үйге тастап, қашып жүр
- автор kyn.kz
- 30 мамыр, 2023
- 974
Журналист Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желідегі парақшасына оқырманы, үш жасар баласын тастап кеткен келіншекті іздеп хат жазыпты, деп хабарлайды KYN.KZ тілішісі.
Баланың видеосын KYN.KZ телеграм каналынан көре аласыздар.
"Салеметсізбе, Гульмира ханым. Білмеймін сізге жазғаным дұрыспа, бұрыспа. Осы баланы анасы тастап кетіпті, пәтердің қожайыны баланы ауырған соң ауруханаға жатқызған. Анасы телефонын көтермейді. Енді жазылып шыққаннан кейін балалар үйіне өткізеді.
Ес біліп қалған бала, өзі тамағын ішіп, ойнап жүр.
Өткен кеткенге апа, апа деп арасында мама деп қояды.
Есімі Мадияр, үш жаста.
Менде баламмен ауруханада жатыр едім, көріп жүрегім ауырды дені сау , анық сөйлейді, ақыл есі сау баланы тастап кеткен анасын кім болды екен,
Мүмкін сіз райынан қайтарарсыз?",-деп хат жазған желі қолданушысы.
Келесі мақала