Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бір оранатын, бір шешінетін заман болды": Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жаңа фото жариялап көпшіліктің сынына ұшырады

"Бір оранатын, бір шешінетін заман болды": Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жаңа фото жариялап көпшіліктің сынына ұшырады
ашық дереккөз
Танымал актриса, әнші Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде фото жариялап көпшіліктен оңбай сөз естіді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ақботаның кезекті образындағы фотосессияны көпшілік жақтыра қоймады. "Қажылыққа барған едіңіз", "Дәл осы суретті жарияламау керек еді", "Бір оранатын, бір шешінетін заман болды",  - деп ойларын ортаға салды.  width= Естеріңізге сала кетейік, алғашқы некесі сәтсіз аяқталған актриса, екінші мәрте қателесуге жүрексінетінін айтқан болатын. Оған дәлел оқырманының «Қайта тұрмыс құру ойыңызда бар ма?” деген сұрағына берген жауабы еді. «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан. Үйлену, жар болу, бала сүю, өсу, өну – өмірдің заңдылығы. Тағдырдың ісі тағы бар. Алланың берген ғұмырын бәріміз дұрыс сүргіміз-ақ келеді. Бірақ сабырды сынайтын, бір дүниені кемітетін кезеңдер болады. Жалғыз жүрмеу үшін жолдан кезіккен жүгенсіз, сөзі мен ісі бөлек азамат атын құр арқалап жүргендерге уақытымды, сезімімді шығындағым келмейді. Сол үшін менде асығыстық жоқ. Ер адамдардың жауапсыздығы бүкіл сезімнің түбіне жетеді. “Әйел күлсе, әлем күледі” дегенді түсінетін уақыт жетті деп ойлаймын”, – дейді өнер иесі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар