Басты жаңалықтар
Еліміздің ертеңі: Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
- автор kyn.kz
- 1 маусым, 2023
- 252
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
"Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала – бауыр етіміз. Олар – еліміздің ертеңі. Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді әрі жан-жақты болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды. Балаларымыздың болашағы баянды болсын!", - деп жазды мемлекет басшысы Twitter-де.
Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,7 миллионға жуық бала тұрады. Жалпы халық санындағы кішкентай қазақстандықтардың үлесі қазір 34,1%. Бұл көрсеткіш он жыл бұрын 30,1% болса, 2010 жылы небәрі 29,7% болған.
Халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі ең көбі Түркістан облысында - 43,3%. Ал ең аз - Солтүстік Қазақстан облысында 24%.