Басты жаңалықтар
Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтты
- автор kyn.kz
- 1 маусым, 2023
- 599
Алмас Кішкенбаев: Жас әншілерге ілесіп үлгере алмадым
Көпшіліктің көзінен тасада қалған әнші Алмас Кішкенбаев "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат беріп, өзінің ұзақ уақыт сахнадан алшақтап қалуының себебін түсіндірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Үзілісті өз еркіммен алдым. Енді үзіліс болмайды. Мен енді қайта шығамын дегенде Ninety One шықты, басқалар шықты. Үлгере алмай қалып жатырмын. Мына бағыт деймін, жоқ үлгермей жатырмын. Әйтеуір ілесе алмай келе жатқанда карантин басталып кетті.
Бірақ мен тоқтатып қойған жоқпын. Жұмыс істеліп жатыр. Шынымды айтсам, сатып алып, жазылып, шығарылмай қойған 30-40 әнім бар.
Көңілден шықпай қалады, болды", - деді Алмас Кішкенбаев. Сонымен қатар бағдарлама барысында әнші қазіргі таңдағы негізгі табыс көзін де атап өтті. "Дәл қазір менде кәсіп жоқ. Негізгі табыс көзім осы ән саласы, концерт, той. Сосын трейдинг", - деді Алмас Кішкенбаев.
Сондай-ақ әнші сахнадан алшақтап кетуінің басты себебі артық салмақтан екенін жасырмады. Оның айтуынша 168 см бойымен 96 келіге дейін салмақ жинаған. Тіпті сахнаға көмекшілері итеріп, домалап шығаратынын мойындады.
Естеріңізге сала кетейік Алмас Кішкенбаев көпшілікке SuperStar KZ жобасы арқылы танылды. Ол аталмыш жобаның 2004 жылғы байқау жеңімпазы атанған еді.