Басты жаңалықтар
Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді
- автор kyn.kz
- 2 маусым, 2023
- 1.3k
Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы Ляйсира Марат ажырасуды қалай басынан өткергенін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Ажырасуға қалай көндіктің? Қалыпты өмірдің бір сәтте ойраны шыққанда қандай сезімде болдың? Қалай қабылдадың?” деген сұрақтар жиі қойылады. Алғашқыда ештеңе сезінбедім. Бар болмысым қайғы-мұң еді. Денем, ағзам, сезімім, эмоцияммен сұмдық сезімді бастан кештім. Тыныстай алмадым. Тіпті параллель әлемде өмір сүріп жатқандай болдым.
Жақындарым келіп, бірдеңелер айтып, құшақтап, жұбатуға тырысты. Бірге күліп отырып шай ішетінбіз, менің де күлгенім есімде. Бірақ жан дүнием бос, қара құрдым секілді еді. Әбден әлсірегенде менің алдымда екі таңдау болды: өмір сүру немесе өкінішпен өткенде қалу.
Сол кезде ішімде бір үміт пайда болғандай болды. Ол менің жаңа өмірімнің бастамасы еді. Әрине, ажырасу кезінде қорқыныш, шарасыздық пен өкініш сезімдерінің болуы заңдылық. Бірақ менде бәр жақсы аяқталды. Уақыт өте келе дұрыс таңдау жасағаның үшін өзіңе рахмет айтатын боласың”, – дейді Ляйсира Марат.
Желі қолданушылары: "Өткенді ұмытып, жаңа өмір бастаңыз, сіз бақытты болуға лайықтысыз", "Болған жайттың бәрін ұмытыңыз", "Мені де жолдасым ішімдегі сәбиіммен тастап кетті, қиналдым, менде бәрі жақсы, өз бақытымды таптым", деп ойларын ортаға салып қолдау көрсетті.