Басты жаңалықтар
«Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасары қамауға алынды
- автор kyn.kz
- 3 маусым, 2023
- 289
Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясы бас директорының орынбасары қамауға алынды. Бауыржан Мәмбетсапаев қызметін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
"Мәмбетсапаевтың заңсыз әрекетінен мемлекетке 46 миллион залал келтіріліп, Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға орналасу құқықтары өрескел бұзылған. Тергеумен Мәмбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері компанияға лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері тексеріліп жатыр", - деді Маңғыстау облысы экономикалық тергеп -тексеру департаменті басшысының орынбасары Берік Баешов.
Ірі мұнай компаниясында басшылық қызмет атқарған күдікті білігі сай келмесе де, тамыр-таныстарын жұмысқа алған. Осы арқылы "Өзенмұнайгаз" компаниясында «жұмыс істейміз» деген өзге жаңаөзендіктердің құқығы бұзылыпты. Себебі, бұл компанияға жұмысқа тұру үшін тоғыз мың адам кезекке тіркелген.
Қазір Жаңаөзендегі ең ірі мұнай компаниясын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Басшылардың заңды белден басқаны да осы тексеріс кезінде анықталған. Осындай бастық танысы жоқ жаңаөзендіктер жұмысқа тұра алмай, Астанаға дейін барып наразылық ұйымдастырған. "Өзенмұнайгазға" жұмысқа тұра алмаған тұрғындар Астанаға тағы келмекші екен" деген сыбысқа бүгін облыс әкімі жауап берді.
"Қазір әлеужелілерде «мұнайшылар қайта Астанаға баруы мүмкін» деген ақпарат тарап жатыр. Жалпы олардың талабын қарастыра отырып, мұнайға қатысты құзырлы орган «Өзенмұнайгаз» бен оған қарасты сервис мекемелерді тексеріп жатыр. Көтерілісшілерге көптеген жұмыс орны ұсынылды. Жалпы бүгінде Маңғыстау облысында 17 мың жұмыссыз тіркелген. Оның ішінде 9 мыңы Жаңаөзен тұрғындары. Барлығы тәртіппен жұмысқа орналасу керек. Тоғыз мың адамның үстінен аттап өтуге болмайды",-деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.