Басты жаңалықтар
"+46": Маңғыстауда аптап ыстық тұрғындарды естен тандырып жатыр
- автор kyn.kz
- 2 шілде, 2018
- 335
Аптап ыстық басталғалы бері бірнеше адам ауруханаға түскен
Ақтауда аптап ыстық тұрғындардың алқымнан алуда. Әсіресе қан қысымы жоғары, жүрек, қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға қиын тиюде. Қапырықта сая іздеген халық қазір су жағалап жүр деп хабарлайды КТК арнасынасілтеме жасаған KYN.KZ Шілденің шіліңгір ыстығы маңғыстаулықтарды әбіргерге салуда. Қазір бұл өңірде сынап бағанасы 45 градустан асқан. Күн ысығалы ауруханаға түскендердің де саны күрт өскен. Әсіресе қалалық кардиология орталығындағы науқастар саны көп. Дәрігерлер тұрғындарға ыстық басылғанша, күн көзіне шықпай, сақтық шараларын ұмытпауды ескертуде. "1 күн ішінде 3 жағдай болды. Біріншісінде, ер адам 55 жастағы суға батып кеткен. 14 жастағы екі қызға дер кезінде көмек көрсетілді. Сондықтанда шомылу кезеңі басталған кезде өте сақ болуларыңызды сұраймыз", - дейді дәрігер Рахымжан Елтаев.
Өңірде адам ғана емес, жануарлар да жандарына көлеңкеден сая таппай жүр. Құс фермасындағылар үйрек-қаздарына кондиционер қосып қойғанын айтады.
"Тауық, күркетауық, қаздар ыстықты көтере алмай жатыр. Кейбір құстарға кондиценионер қондырдық", - дейді құс фермасының иесі Бекен Қаржыбаев.
Дегенмен синоптиктер бұны Маңғыстау облысы үшін аптап аномалия емес деп отыр. Мұндағы Аққұдық ауылында сынап бағанасы 46 градусқа дейін жетсе, Қызан және Жаңаөзенде 45 градус көрсетіпті.
Ал синоптиктер аптап ыстық бір-екі күнде еліміздің басқа өңірлеріне ығысады деген болжам жасап отыр.