Басты жаңалықтар
Көкшетауда жас қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген атышулы жеңгетай ұсталды
- автор kyn.kz
- 2 шілде, 2018
- 324
Жеңгетай жігіт тән саудасын табыс көзіне айналдырған
Көкшетауда 29 жастағы жеңгетай ұсталды! Ол жас қыздарды қорқытып, интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Осылайша тән саудасын заңсыз табыс көзіне айналдырғанға ұқсайды деп KYN.KZ КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
1989 жылы туған көкшетаулық азамат өз құрбандарын жергілікті дәмханалардан іздеген. Басы бос қыздарды жалдамалы пәтеріне алдап апарып, қамап ұстапты. "Осылайша интимдік қызметке мәжбүрлеп, өзгелерге саудалаған", - дейді полицейлер.
Бірнеше ай бойы 22 мен 30 жас аралығындағы қыздарға ойына келгенін істеген жігіт, Көкшетаудың орталық көшелерінің бірінде қолға түсті.
Қазіргі таңда осындай 7 қылмысқа қатысы бары анықталып отыр. Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: "Қазір ол қамауда отыр. Оның үстінен 5 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам ұрлау, адам құқығын шектеу, бопсалау, жезөкшелікке мәжбүрлеу және жеңгетайлық жасап, жезөкшелікпен айналысатын орындар ұйымдастыру бойынша. Басқа да фактілер анықталуы мүмкін", - деп айтты.