Басты жаңалықтар
Антикор: Нұржан Әлтаев Абылай Мырзахметовтен жүйелі түрде пара алған
- автор kyn.kz
- 9 маусым, 2023
- 552
Нұржан Әлтаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасымен сыбайлас болған. Антикор экс-депутаттың 2018-2020 жылдар аралығында Абылай Мырзахметовтен жүйелі түрде пара алғанын жариялады.
Мырзахметов өзі жетекшілік еткен ұйымның жұмысын өрге домалатуы үшін Әлтаевқа қомақты қаражат аударып отырыпты. Күдікті ол уақытта еңбек вице-министрі, кейіннен Мәжіліс депутаты лауазымында болған. Осындай жауапты қызметтерде отырып, ол Абылай Мырзахметовтің ірі көлемдегі мемлекеттік тапсырыстар алуына ықпал еткен болуы мүмкін.
Әзірге белгілісі осы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеудегі экс-шенеунікке қатысты өзге ақпаратты жариялаған жоқ. Антикор Әлтаевты кеше тұтқындаған. Әр жылдары лауазымды қызмет атқарған ол өз партиясын ашамын деп, 2020 жылы депутат мандатын тапсырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда педагогтердің құқығын бұзғандарға жаза күшейтілмек
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Қазақстанда соңғы айларда дәрі-дәрмек арзандаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




