Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Сапарбаев - Қазақстандағы бес өңірдің (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының) бұрынғы әкімі, премьер-министрдің орынбасары, еңбек министрі, экономика ғылымдарының докторы.
Бердібек Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылында дүниеге келген. "Отан", "Барыс", "Парасат", "Құрмет" және басқа да көптеген марапат иегері.
Соңғы рет жамбыл облысының әкімі болған саясаткер зейнетте еді.
KYN.KZ сайтының редакциясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.