Басты жаңалықтар
Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы заңның авторы балалар омбудсмені болды
- автор kyn.kz
- 12 маусым, 2023
- 299
“Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Зәкиева 2021-2023 жылдар аралығында Мәжіліс депутаты болды. Ол соңғы сайлауда да депутаттыққа кандидат болды, бірақ төменгі палатаға өте алмады.
Ол заңнамаға қайшы келетін даулы түзетулердің, атап айтқанда мемлекетке әлеуметтік желілерді бұғаттауға және жарияланымдарды цензуралауға мүмкіндік беретін балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң жобасының авторы ретінде кеңінен танымал болды.
Еске салсақ, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін 2019 жылдың шілдесінен бері Аружан Саин атқарып келді.
Келесі мақала