Басты жаңалықтар
Ашыған тамақ берді:Түркістан облысында лагерь демалушылары шу шығарды
- автор kyn.kz
- 13 маусым, 2023
- 795
"Үйге алып кетіңізші", "ашыған тамақ беріп жатыр". Дәл осылай деп шулаған балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Белгілі болғандай бұл Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылында орналасқан лагерьдің демалушылары екен. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ: Апай өтінем алып кетіңізші. Ұнамайды мына жақ бізге. +Ештеңе етпейді деп жүр. Сүттері ашып кеткен дейді жас бала емес қой. Иә сүттері ашып кеткен. Таракандар басып кеткен. Ашып кеткен. Жылан бар. Жыланды көрдіңдер ма, өз көздеріңмен? Көрдік. Белгілі болғандай видео өткен демалыс күндері түсірілген. Лагерде Шардара ауданынан келген 600-дей бала тынығуда. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ: Алдын ала мәліметке сәйкес 20-ға жуық оқушы өз ниеттеріне сай Шардара ауданына қайтарылуда. Қалған 580 бала лагерьде қалатындарын жеткізген. Бөлім тарапынан құрылған арнайы топ сауықтыру лагерін тағы зерделеді. 5 мезгіл тамақтың уақытылы беріліп жатқанын және түрлі қызықты бағдарламалар жоспарға сәйкес жүргізілуде деп мәлімдеді