Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның аяғы ауыр болған

Абай облысындағы орман өртінен қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның аяғы ауыр болған
ашық дереккөз
Мейрамгүл Жиенбаеваның артында бір ұл, бір қызы қалған. Бұл туралы журналист Самал Ибраева мәлім етті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Қаза болған Мейрамгүлдің аяғы ауыр болған екен… Үйде кішкентай балалары қалған. Иманды болсын…», - дейді Самал Ибраева. Көпшілік бейбіт күнде шейіт болған әйелдің аруағына құран бағыштап, жақындарына қайғыра көңіл айтқан. «Сәбиін де өзімен бірге ала кетті, жаның пейіште шалқысын абзал ана», «Сөзсіз бүгіннің батыр келіншегі, әйел адам түгіл ер адамның қолынан келе бермейтін іс, жаның жанатта болсын, қазақтың батыр қызы», деп жазды  желі қолданушылары.  Айта кетейік Мемлекет басшысының Абай облысындағы жедел штаб отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін қаза тапқандардың отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден төленетін болады. Бұдан бөлек, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге қажетті қолдау шараларын көрсету мақсатында арнайы қор құрылды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар