Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттік тұрғын үш жыл бұрын жоғалған бауырын тапты

Шымкенттік тұрғын үш жыл бұрын жоғалған бауырын тапты
ашық дереккөз
Шымкенттік полицейлер осыдан үш жыл бұрын байланысы үзілген бауырлардың қайта қауышуына себепкер болды. Абай АПБ көші-қон қызметі бөлімінің тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын туған інісімен байланысы үзіліп, хабарсыз қалғаны жайлы өтінішпен жүгінген. Қала тұрғынының айтуынша, бауыры 2020 жылы Алматыға жұмыс істеуге кетіп, аман-есен жеткенін айтып, кейін мүлдем телефон соқпай, хат жазбай, байланыс үзілген. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел полицияның көмегіне жүгінген. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кіріскен. Ер адам болуы мүмкін деген құрылыс алаңдарын, базарларды, жалдамалы пәтерлерді тексеріп, оны білетін және көрген адамдардың бәрінен сұрастыраған. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ер адам Астана қаласынан табылған. Белгілі болғандай, ол қиын өмірлік жағдайға тап болып, әпкесінің телефон нөмірін жоғалтып алып, содан қайта байланысқа шығуға мүмкіндік болмаған. Осылайша, полиция қызметкерлері оны Шымкентке жеткізіп, әпкесімен қайта қауыштырды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар