Басты жаңалықтар
Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді
- автор kyn.kz
- 15 маусым, 2023
- 623
Қыздың анасы: Ол қызымды екі рет зорлаған. Қызым өгей әкесі өлтіріп тастайды деп қорқып тіс жармай келген
Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сапабек Мұқышев өзінің 20 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды деп хабарлайды Астана арнасы.
Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 20 жастағы 2022 жылдың қараша айында арыз жазған, алайда бұл қазір ғана белгілі болған.
Арызды күдіктінің 20 жастағы өгей қызы 2022 жылғы қарашада жазған, бірақ бұл қазір ғана белгілі болған. Аталған фактіге қатысты бірден 2 бап – "Зорлау" және "Бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Тергеу барысында бірқатар сот-медициналық сараптама жасалып жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалған жоқ, зардап шеккен тарап қорғауға алынды", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Анасы қызынығ бұл жағдайды жылдар бойы жасырып келгені жайлы айтты.
"Мукушев Сапабек қызымды екі мәрте зорлаған. Бірінші ретте қызым 16 жаста еді, екінші рет зорлағанда қызым 18 жаста болды. Бұрыңғы күйеуім қылмыс әлемінде абыройы мен танысы мықты адам. Ол бірнеше рет сотталған. Тіпті адам өлтіргені үшін жазасын өтеген. Ол қызымды әбден қорқытқан. Оның таныстары құқықтық органда да жеткілікті",-дейді қыздың анасы.