Басты жаңалықтар
"Сүрінгенге жұдырық болған әрқайссыңа жаза болсын": Төреғалидың қарындасы болған жағдайға пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 15 маусым, 2023
- 540
Дина Төреәлі: Осы жолы үнсіз қалмаймын
Кешегі күннің басты жаңалығына айналған Төреғали Төреәлінің мас күйде ұсталып, жазаға тартылғаны кіші қарындасының намысына тиіп кетсе керек, ол желідегі парақшасында ашуға толы пікір жазған. Сөзінше ағасын қатты сынағандар ашуына тиген. Дина Төреәлі өз сөзінде соңғы демі қалғанша ағасын қорғайтынын. қандай жағдай болса да оныкі дұрыс дегенге саятын пікір жазған. Ол "құқық қорғау органы оданда педофилдермен күрессін" деп жазыпты.
"Осы жолы үнсіз қалмаймын. Кімді өсектерлерін білмей отырғандарға таптырмас жағдай болыпты. Бәріңді Аллаға тапсырдым. Сүрінгенге жұдырық болған әр қайсысының жазаларын осы өмірде берсін. Айтарым көп... Бүкіл әлем қарсы шықса да мен туғанымды соңғы деміме дейін қолдаймын.
Қолымнан келсе біраз нәрсе жасар едім. Бірақ, бір Алланың өзі жеткілікті. Кім не десе де, аяқтан шалса да ол біздің барымыз, мақтанышымыз. Алланың оған берген батылдығын, қайсар мінезін тартып аласыңдар ма не істейсіңдер? Мықты болсаңдар қазақтың жасар қызын зорлап, бостандықта жүрген педофилдерін солай ұстаңдар,мықты болсаңдар! Тілімді қышытпай отырыңдар",-деп жазған Дина Төреәлі.