Психолог әншінің жауапкершілігі жоқ екенін айтып дерті асқынған "ауру" деп атады
Белгілі психолог Серікгүл Сәли дүйім жұртты өзіне қаратқан әнші Төреғалидың мінезіне маман ретінде баға берді, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.
Психолог Серікгүл Сәли әншінің бұл әрекетін мүлде ақтауға болмайтынын айтты.
"Халықтың алдында жауапкершілік болу керек. "Әлеуметтік желіде қаншама оқырмандар бар. Солардың басым бөлігі - жастар. Сол жастар маған еліктейді, маған ереді. Мен оларға нені үлгі етіп жатырмын? Не айтып жүрмін? Өзімді қалай ұстаймын? Жауапкершілікті сезінуім керек" деген ой болуы керек. Өнер мен мәдениетте жүрген адамдар - көшбасшылар. Бұлар елге, халыққа мәдениетті насихаттаушылар. Мәдени жағынан тәрбие берушілер. Біздің тәрбиелеушілеріміздің өзі осындай болып жатса, жас ұрпақтан не күтуге болады? Әні арқылы олардың сезіміне әсер еткен болса, көпшілік сол кісінің толықтай көшірмесін жасайды. Қаншама комментарий оқыдым, көбі ақтап жатыр. Түсініп жатыр. "Оны кешіру керек, қолдау керек", - дейді. Мұның өзі - үлкен трагедия. Сондай жағдайдың өзін ақтап жатыр. Маман ретінде бұл "ауру" дегенге кетіп қала беремін. Бірақ сол ауруды өзі қолдан жасады ғой. Бұл - үлкен жауапкершілік. Біз мақтап, мадақтап, ақтап ала алмайтындай нәрсе", - деді Серікгүл Сәли.
Келесі мақала