Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Армангүл Тоқтамұрат: "15 миллиондық алқа мен 8 миллиондық жүзік 20 жастағы қыздың өмірін көріп, кедейлердің қатарына жататынымды түсіндім"

Армангүл Тоқтамұрат: "15 миллиондық алқа мен 8 миллиондық жүзік 20 жастағы қыздың өмірін көріп, кедейлердің қатарына жататынымды түсіндім"
ашық дереккөз
Тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат әлеуметтік желідегі парақшасында Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың  қызының өміріне қатысты пікір білдірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. «Мен кедей екенмін… Небәрі 20 жастағы қыз(әкімнің қызы) 15 миллиондық алқа мен 8 миллиондық жүзік тағады. Ал, сөмкелерінің бағасы 21 миллион теңгеден асады дейді ақпарат көздері… Шынымды айтайын, өмірімде бренд сөмке ұстап, бриллиант тағып көрмеппін. Әркім әрқалай түсінер, ол енді қабылдауыңызға байланысты. Тапқан табысымның басым бөлігі ипотека мен несиені жабуға кетеді екен. Оның үстіне, қалада әр қадамың ақша. Ал, тапқанымнан тиын артылса, депозитке жинаймын. Қауіпсіздігім үшін, ертең не боларын білмеймін… Әр тиынды маңдай теріммен тапқан соң ба, ақшаның бағасын білем, оңды-солды шашпаймын. Бар табысты брендке жұмсап, қоғамға “сыйлы” болып жүруге болар еді(бір жерге барсаң, мініп келген көлігің мен үстіңе жапсырған шүберекке қарап бағалайтынын талай көргенмін) біздің құндылықтар осындай, өкінішке орай… “Армангүл Тоқтамұрат” деген атыңа сай, үлкен көлік мінбейсің бе деп сөзбен тістегендер де болған. Атым-ол менің жұмысым, ал, көлігім-ол менің жағдайым(әйтпесе, кімнің жақсы көлік мінгісі келмейді). Шындық осы. Қысқасы, 20 жастағы қыздың жарқ-жұрқ өмірін көріп, мен кедейлердің қатарына жататынынымды түсіндім. Бізде орта тап деген жоқ қой. Не байсың, не кедейсің! Ал, Сіз қайсына жатасыз? Пысы: бұл материалдық тұрғыдағы салыстырмалы жазба. Ең бай адам-он екі мүшесі сау адам», - деп жазды жүргізуші.   width=  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар