Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Төреғалидың қарындасы ағасының басындағы жағдайды халық назарын аудару үшін әдейі ұйымдастырылған дүние деп түсіндірді

Төреғалидың қарындасы ағасының басындағы жағдайды халық назарын аудару үшін әдейі ұйымдастырылған дүние деп түсіндірді
ашық дереккөз
Дина Төреәлі: Сау адамды мас деп жала жапты
Төреғали Төреәлінің қарындастары  мыңдаған адамды желіде  өздеріне қаратып, ақыл сатып, ақша тауып отырған блогерлер қатарында. Әнші ағаларының видеосы тарағалы оқырмандары тыныштық бермей қойған сыңайлы. Өйткені әншінің қос қарындасы өздеріне жазылған азаматтардан тыныштық берулерін, жаман пікір жазбауларын сұраған, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. "Күні кеше жеңешем екеуі  Қызылордаға балаларына қарай ұшу үшін әуежайға асыққан. Көлікке сау отырған адамды "ішіп алып рульге отырған жерден ұсталды" деп шығарды. Халықтың көңілін Қазақстанда болып жатқан жағдайдан басқа жаққа аудару үшін әдейі жасалатын нәрселерден, жаладан шаршадық. Жала жабылып, шындықты дәлелдей алмаған адамдарды жақсы түсініп отырмын. Осы күнге дейін ағама қатысты шулы  жағдайлардың артындағы нағыз шындықты бізден басқа ешкім білмейді. Шындықтың бетін ғана емес, астымен қопарып айтайын десем екінші жағы да бар.",-деген Дина Төреәлі. Ал Төреғалидың АҚШ-та білім алып жүрген үлкен қарындасы бірінші күні үнсіз отырды. Екінші күні көпшілікті мейірімді болуға шақыра отырып, жұртты сынауға болмайтынын жазды. "Алда кімді не күтіп тұрғаны, алда не болары, кімнің қандай жағдайға  тап болары белгісіз, ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан артық сөздің керегі жоқ. анама дейін тіл тигізіп, артық кетуде. Ал қазір маған ең маңыздысы-жақындарымның амандығы. алла көтере алатын адамға ғана сынақ береді. Осы уақытқа дейін түрлі сөзді көтеріп үйреніп қалдық қой",-деген Фариза Төреәлі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар