Басты жаңалықтар
Төреғали Төреәліге билік өкілін балағаттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды
- автор kyn.kz
- 16 маусым, 2023
- 1.1k
Әкімшілік қамауға алынған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлерімен есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған, МАӘС шешімімен 20 тәулікке қамауға алынған азамат әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр.
Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оны әкімшілік қамауға алудан босатуға көрсеткіш жоқ. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелген.
Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.
Келесі мақала
Cот: Мәсімов пен оның орынбасарларына үкім өзгертілді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




