Басты жаңалықтар
Димаш Құдайберген: Қош бол, әкетай! 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін алғыс...
- автор kyn.kz
- 18 маусым, 2023
- 380
Димаш Құдайберген марқұм әкесіне қоштасу хатын жазып, қалың жұртты жылатты
Димаш Құдайберген бірнеше күн бұрын дүниеден өткен әкесіне жан сырын ақтарды. Ол атасын "әке, папа" деп атаған. Қазақтың көне әдетімен тұңғыш немере болып дүниеге келген Димаш, атасы мен әжесінің кенжесі болып, сол шаңырақта, үлкендердің тәрбиесінде болған. Ол өз сөзінде әкесі үйреткен өмірлік қағидаларды еске алған, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Рахмет, папа... Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін. 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін... Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаймын.
Айтқандарымнан айтып үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай... Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың...",-дейді әнші өз хатында.
Димаш сөз соңында өзіне көңіл айтқан барша жұртқа алғыс айтты
Келесі мақала