Басты жаңалықтар
Шатырға антенна жөндеуге шыққан қарағандылықты полицейлер алып кетті
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 368
Тұрғындар ер адамды шатырдан секірмекші деп, полицияға хабарласқан
Қарағанды тұрғындары 9 қабатты үйдің шатырында теледидар антеннасын жөндеп жатқан ер адамды өзін-өзі өлтіреді деп ойлап қалды, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің шатырының жиегінде жүрген ер адамды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олар бұл адам өзіне қол салу үшін ғимараттың төбесіне шығып алды деп ойлаған.
Сондықтан олар тез арада тәртіп сақшыларын шақырған. «Жоғарғы қабаттың тұрғыны карнизді жөндеп, жаңбырдан кейін антеннанны бабына келтіру үшін шатырға шыққан.
Азаматтар хабарласқаннан кейін ол жедел түрде жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жауап алынды. Сосын үйіне қайтарылды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық баспасөз қызметінің өкілдері.