Басты жаңалықтар
Гүлзира ханым халықты Абай Бегейді сөкпей, оған бақыт тілеуге шақырды
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 360
Продюсер: Сіздер отырып алып айтқан түрлі сын әңгімелер, қайта ұйыған отбасына іріткі салуы мүмкін
Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова халықты Абай Бегейді екінші рет үйленді деп жақтырмағандарға жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ Гүлзира ханым екінші рет үйленіп, дүркіретіп той жасаған Абай Бегейді талқыға салған оқырмандарына өз ойын айтты. Ол әйелінің үстінен әйел алып жүрген ер азаматтармен жарынан айырылғанына үш жыл болған Абайды салыстырды.
"Құрметті менің оқырмандарым! Абай Бегейдің үйленгені жайлы біраз талқыға салып ой бөліскен екенсіздер, мен де өз ойымды айта кетейін. Әйелінің үстінен әйел алып, балаларымен қосып немерелерін жылатып кетіп жатқан қаншама ер азаматтарымыз бар. Абайға оңай болды дейсіздер ма? Әйелінің қайтқанына 3 жыл болыпты. Ер адамның үйіне жылылық кіргізетін, жанына жалау болатын әйелі болмағаны өте ауыр әрине. Әйелдің қырық жаны бар деген. Әрине әйел болса, балаларыма дауыс көтеріп жүрегімді ауырта ма деп күйеуге шықпайды. Ана сонысымен ана. Бірақ өкінішке орай, өз бақытын жоғары бағалап отбасын тастап кетіп жатқан азаматшалар да аз емес. Елімізде ер азаматтардың аз болғандығынан қаншама қыздарымыз отбасын құра алмай жүргендері де аз емес. Қытайға тигенше Қазағымыздан үбірлі-шүбірлі болып, санымызды көбейтсін. Абай өте қарапайым, иманды жігіт, тіптен бәріне сыйлы.Той жасаса, бұрын есік көрмеген қыз. Оның да ата-анасы әлпештеп алақандарына салып, той көруін армандаған болар. Келіншегіне де оңай емес, ұл-қыздарының көңілін тауып сол отбасына сіңіп кетуІ. Балалар қабылдаса жақсы. Ал керісінше болса Абайға да әйеліне де оңай емес. Болар іс болды, енді осы келініміздің аналарының орнын жоқтатпайтын адал, ибалы ана болуын тілейік👌 Ертең балалары отбасын құрып өз өмірлерін сүргенде,әкелері кімге сияды? Әйел адам немересін бақсада сияды, ал еркек әйелсіз ешкімге сия қоймас. Іш киімін қызы не келіні жуа қоймас, басқасын айтпай-ақ қояйық. Әкелеріне анамыздың орнына әйел алдырмаймыз деп үйленуіне қарсы болғандардың, кейін баққылары келмей, әкелері қартайған шағында кемпір таппай жүргендерді де көргенмін, жастықтың албырттығымен қызғанып бекер жасаппыз деп. Егерде Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатып, шулатып кетіп жатса, тойында отырмаған болар едім.Сатқындықты жек көретін мінезім де жоқ емес. Балаларым да олардың балалары да, әйелінің үстінен 2-ші әйел алып жылатпаса деп тілеймін. Ондай жағдайды жауыма да тілемеймін. Үміт артып үлпілдетіп өсірген қыздарымыз, шалдарға көңілдес болып, үй алып бергеніне мәз болып, туып алып отырғандарынан сақтасын. Ұрпағын адалынан сүйсін. Ал бұл жағдай мүлдем бөлек.Бұл тағдыр. Балаларымызды анасынан Құдай айырмасын деп тілейік", - деп жазды.
Желі қолданушылары продюсердің сөзіне қолдау көрсетіп, "Дұрыс айтасыз", - деп жазды.