Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бақытты болу ешқашан кеш емес": Композитор Ғалия Шаудырбаева 46 жасында тұрмысқа шықты

"Бақытты болу ешқашан кеш емес": Композитор  Ғалия Шаудырбаева 46 жасында тұрмысқа шықты
ашық дереккөз
Композитор: Бәрін Алладан сұраңыздар, ешқашан үміттеріңіз өшпесін
Белгілі композитор әрі журналист Ғалия Шаудырбаева дүйім жұртқа тұрмысқа шыққанын өзі хабарлады. Әрі бақытын таппай жүрген қыздарға өз кеңесін айта кетті. Сөзінше ол бүгінгі күйеуінің суретін көрген сәтте- ақ сезімі оянған. Бірден оның номерін телефонына "Менің күйеуім" деп сақтап алыпты. "Кеше - мен гүлге оранған күн. Бақытты болу ешқашан кеш емес. "Маған ешкім қарамайды, мені ешкім алмайды, жігіт жоқ, қыз жоқ" демей, жүректеріңізді тыңдаңыздар. Аллаһ тағала сізді жұбыңызбен жаратқан. "Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?" деген сұраққа жауап берейін. Сермұханның суретін көргенде-ақ менің жүрегім сезді. Телефон номерімді сұрап хабарласты. Сөйлестік. Номерін "Менің күйеуім" деп сақтадым. Қыз-жігіттерге лайфхак болсын. Бұл - өмір ғой. Кеше тойда маған тілектес игі жақсыларым, туыс-туған, дос-жараным жиналды. Мен - Еділмін, Жайықпын, Таға алады айып кім? Кім не десе, о десін, Мен бақытқа лайықпын. Бойдақ қыз-жігіттерге эстафета кетті, бір бастарың екеу болсын",-деген тілегін айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар