Басты жаңалықтар
Баян Мақсатқызы күйеуіне биші қыздың жалаңаш төсіне ақша салғызды
- автор kyn.kz
- 20 маусым, 2023
- 657
Баян Мақсатқызы: Сараңдық танытпаңыз
Танымал актриса, продюсер Баян Мақсатқызы демалыс кезінен әлеуметтік желіге видео жүктеп, көпшіліктің сынына ұшырады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бейнежазбадан жартылай жалаңаш биші қыздың Тұрсын Алагөзовтың қасына келіп, бөксесін қимылдатып билегенін байқауға болады. Ал Алагөзова болса күйеуіне "Сараңдық танытпаңыз",деп күлді. Тұрсын Алагөзов әмиянынан ақша алып шығып, оны қыздың төсіне қыстырды.
https://youtube.com/shorts/8mN-MENSgRA?feature=share
Бұны желі қолданушылары жақтыра қоймаса керек: "Күйеуің өзгенің төсіне қолын сұғып, ақша салғаны күлкілі ме?", "Баянның өзі Тұрсынға бөтен қыздың емшегіне қол жүгіртуге мүмкіндік беріп тұрғаны несі","Ұят болды ғой алдында әйелі отыр, қыздың ашық денесіне қол тигізгені ыңғайсыздау екен", "Ой, масқара ақшаларың көп болса, жетім-жесірге таратпайсыңдар ма деп", ойларын ортаға салды.
Келесі мақала