Басты жаңалықтар
Ақмола облысында жолға бөлінген 1 млрд теңге ұрланды
- автор kyn.kz
- 21 маусым, 2023
- 406
Ақмола облысы Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды.
"Экс-орынбасар жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді. Орындалмаған жұмысқа бюджеттен 1 млрд 244млн тенге төлеген. Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағы "Аса ірі көлемде жымқыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Мұндай қылмыс жасағандар Заң бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал күдікті экс-орынбасар сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.