Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Журналист: "Қоғам үшін жемқор, ал перзент үшін әке - мінсіз адам"

Журналист: "Қоғам үшін жемқор, ал перзент үшін әке - мінсіз адам"
ашық дереккөз
Танымал отандық журналист Дина Елгезек Арыстанбек Мұхамедиұлына үкім шыққаннан кейінгі баласының әрекетіне қатысты  фейсбук парақшасында пікір білдірді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Көзіме жас келді. 8 жылға сотталып кеткен әкесі үшін емес, шыр-шыр еткен ұлы үшін.
Қоғам үшін әрине жемқор атаулы зәлім, ал перзент үшін әке - мінсіз адам.
Ұрпағың қорланбасын десең, жемқорлыққа барма!
Осы сурет дәуірі аяқталмаған жүйенің жемқорларына ой салса екен…", деп жазды журналист.
Естеріңізге сала кетейік Елордадағы Байқоңыр ауданы №2 сотында Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шықты. Ол 8 жылға сотталды. Арыстанбек Мұхамедиұлы бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан мен тағы екі айыпталушы Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізуге бөлінген 221 миллион 411 мың 730 теңге қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар