Басты жаңалықтар
Алматы облысында 2 сантехник пен оған көмектесуге барған дәрігер нәжістен уланып қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 3 шілде, 2018
- 289
Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр
Алматы облысында кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған үш адам көмекке ұмтылған. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды.
Жаға ұстарлық оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы ауруханада болған.
«Сантехникке көмекке келгендердің ішінде 2 дәрігер мен бір сантехник бар. Барлығы 4 адам болған. Оқиға салдарынан дәрігер мен екі сантехник қайтыс болды. Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға жайлы мәлімет құтқарушыларға кеше күндізгі сағат 12:34-те түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына 9 минутта жеткен.